Щучинскіде «Одақ-2009-Қазақстан» ІІІ Халықаралық жиыны ашылды

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат. Ақмола облысы Щучинск қаласының Самал демалыс үйінде Ұжымдық қауіпсіздік  шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер жастарының патриоттық және әскери-спорттық ойындарының «Одақ-2009-Қазақстан» ІІІ Халықаралық жиыны ашылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан жастары Конгресінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іс-шараның елімізде бірінші мәрте өтіп жатқанын айта кету керек. Оған ТМД елдерінің командалары қатысады. Жалпы алғанда, ҰҚШҰ тарихы 2006 жылдан бастау алады. Сол жылы ҰҚШҰ мүше елдер өкілдерінің кезекті жиынында 2007 жылдан бастап, жыл сайын жастар арасындағы халықаралық патриоттық және әскери-спорттық ойындар өткізу шешімі қабылданды. Бүгінгі күнге дейін бұл жиын екі мәрте Қырғызстанда өткен болатын,  Қазақстан командасы бірінші жиында бас жүлде алса, екіншісінде - үшінші орын иегері атанды.

Жиынның мақсаты -  қатысушы мемлекеттердің жастары арасындағы достық, бірлік қатынасын нығайту, оларға ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ҰҚШҰ  мүше мемлекеттердің мәдени-тарихи дәстүрлері мен әскери өнерін насихаттау, Отан қорғаушылардың мәртебесін көтеру.    

«Одақ - 2009- Қазақстан» жиынының бағдарламасына келесідей әскери-қолданбалық спорт түрлері енгізілді: әскериленген кросс, пейнтбол, пышақ лақтыру, сүңгілермен семсерлесу, пневматикалық мылтықпен ату, тау дайындығы, әскери-медициналық дайындық, әскери-тактикалық алаңға шығу

Қонақтар мен қатысушылардың айтуы бойынша, жиынның ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Оған Ұжымдық қауіпсіздік  шарты ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктердің, «Нұр Отан» ХДП және ҚР Ауғанстан ардагерлері және аймақтық соғыстар одағының өкілдері қатысты.   

Ұйымдастырушылар салтанаттың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Кадеттік корпусының әскери оркестрі мен тыңдаушыларын, еліміздің ең үздік шығармашылық ұжымдарын шақырды. ҰҚШҰ әнұраны, жиынға қатысушы елдердің желбіреген тулары, әскери оркестрдің салтанатты маршы - мұның бәрі де іс-шараға маңыздылық пен халықаралық рең беріп тұрды. ІІІ Халықаралық жиынның ашылуында ҚР Білім және ғылым министрлігі тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры                           Е. Әукенов, сайыстың бас төрешісі, Кеңес Одағының Батыры С. Гущин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Әбенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ. Бекмағамбетов қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеп сөз сөйледі. 

Ашылу салтанатынан кейін командалар оларға арнайы дайындалған  мерекелік концерттің куәгерлері болды. Көрші елдерден келген қатысушылар қазақ  әндерін шырқап,  ұлттық биін билеген әртістеріміздің өнерін аса қызығушылықпен қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар