Щучинскіде полиция капитаны абайсызда лифт шахтасына құлап кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында полиция капитаны абайсызда лифт шахтасын құлап кетті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай үстіміздегі жылдың 23-ші қаңтарында Щучье қаласында орын алған. "Жергілікті полиция қызметінің 42 жастағы полиция капитаны өзінің əріптесімен бірге кешкілік уақытта алкогольдік ішімдік ішіп рөлге отырған 1988 жылғы жүргізушіні медициналық тексерістен өткізуге Бурабай аудандық ауруханасына жеткізген. Жарықтың болмауынан полиция қызметкері абайсызда аурухананың 1 қабатынан лифті шахтасына құлап кетеді. Ауыр соққыдан тəртіп сақшысы сол аяғының тізесін қатты жаралап алады. Зардап шегушіге дəрігерлер дереу медициналық көмек көрсетті. Қазір оның жағдайы қалыпты", деп түсіндірді ІІД-нің баспасөз қызметі.