Сегіз адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды - БҚО

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, биылғы 2 қаңтарда БҚО-ның Жәнібек ауданында сегіз адамның өліміне соқтырған қайғылы оқиға орын алған болатын.
None
None

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықтала түсуде. Жәнібек аудандық прокуратурасының мәліметіне қарағанда, биылғы 2 қаңтар күні Күйгенкөл ауылының тұрғыны С.Шолымов автокөлікке өзімен бірге әйелін, екі қызын, анасын және Ақтөбе облысының Хромтау қаласынан келген қарындасы мен оның екі баласын отырғызып алып, Көлтабан елді мекенінде тұратын апасының үйіне қонақтыққа кеткеннен оралмаған. Күйгенкөл ауылының тұрғыны, інісі Б.Шолымовтың айтуына қарағанда, ол 6 қаңтар күні апасымен ұялы телефон арқылы хабарласып, туысқандарының Көлтабанға бармағанын білген. Ал С.Шолымов пен оның қарындасының ұялы телефондарының нөмірін тергенде жауап бермеген.

Тексеру, іздеу шараларының нәтижесінде биылғы 7 қаңтарда Күйгенкөл ауылынан 5 шақырым жердегі бөгетке батып кеткен «ЛУАЗ-969» маркалы автокөлік табылды. Автокөлікті судан алып шыққанда, ішінен жоғарыда айтылған 8 адамның өлі денесі табылған. Онда зорлап, күштеп өлтіру белгілері жоқ.

Оқиғаға орай алдын ала тексеру жүргізілгенде, азамат С.Шолымовтың техникалық ақауы бар автокөлікпен жол жүру ережесін бұза отырып, жол бойындағы бағанаға соқтығысқаны анықталды. Одан әрі ол көлікті басқара алмай, арақашықтығы 80 метр жердегі бөгетке батып кеткен көрінеді.

Аталмыш фактіге байланысты аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады, анықтау жұмыстары жүргізілуде

Соңғы жаңалықтар