Сегіз шопан 4 күн бойы қар басқан шатқалда қалған
АСТАНА. ҚақАқпарат - 30 қыркүйек күнгі аяқ асты жауған қар салдарынан Талас облысының сегіз шопаны тауда қалып қойды, деп хабарлайды Кабар.
Қырғыз Республикасы ТЖМ дағдарысты ахуал басқармасы орталығы бастығының орынбасары Азамат Мамбетовтың айтуынша, кеше олар Чаткал ауданындағы Чакмак-Суу ауылына түскен. ТЖМ құтқарушылары малшыларғаа қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерін жеткізді.
«Қазіргі уақытта олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Олар Чаткал ауданындағы қыстақта, мүмкіндік бола қалған жағдайда Талас облысы Бақай-Ата ауданы Ақ-Назар ауылындағы тұрғылықты жерлеріне жеткізілетін болады», - деді Мамбетов.
Шопандардың жетеуі - ер адам, біреуі - әйел екені хабарланды.