17:09, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Сексеуіл кентінде жаңа мектептің құрылысы басталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сексеуіл кентінде 150 орындық мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар Аманөткел елді мекенінен 300 орындық мектептің жоба-сметалық құжаттары дайындалуда.

Мұнымен бірге аудан орталығынан 3 арендалық үй салынбақшы. Арал қаласының даму жоспарына сәйкес салынатын үйлерге 50 млн. теңгеге электр желісі жүргізіліп, кіші стансы орнатылады. Қала ішінен типтік жобадағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы қарқын алды. «Жол картасы» аясында Сексеуілдегі №177 орта мектеп пен қаладағы «Мереке» балабақшалары күрделі жөндеуден өтуде.