Павлодар облысында дауылдан бір адам қаза тауып, ондаған нысан зақымданды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысындағы дауылды желдің салдарынан бір адам қаза тапты, 16 адам жарақат алды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Секундына 43 метр: Павлодар облысында бір адам қаза тауып, ондаған нысан зақымданды
Фото Павлодар облысы әкімдігі

19 маусым күні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел тіркелді. Дауылды жел инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, салдарынан электр қуаты сөніп қалды. Бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. 

Секундына 43 метр: Павлодар облысында бір адам қаза тауып, ондаған нысан зақымданды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі
Секундына 43 метр: Павлодар облысында бір адам қаза тауып, ондаған нысан зақымданды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, 16 адам зардап шеккен, оның ішінде үш бала. Ақсуда 1968 жылы туған тұрғыны көз жұмды

Секундына 43 метр: Павлодар облысында бір адам қаза тауып, ондаған нысан зақымданды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

— Облыс орталығында 47 нысанның, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келді. Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауыл ауданында — 7 нысан зақымданған, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді.

Облыстың қалалары мен аудандарының электрмен жабдықтау желілерінде ақаулар байқалады. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр.

Қазіргі уақытта болған апаттың салдарын жою бойынша жұмыс істеліп жатыр. Байланыс және электрмен жабдықтау желілерінің 16 бағанасы қалпына келтіріліп жатыр. 300-ден астам адам және 103 арнайы техника жұмылдырылған, — делінген хабарламада.

Секундына 43 метр: Павлодар облысында бір адам қаза тауып, ондаған нысан зақымданды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі
Секундына 43 метр: Павлодар облысында бір адам қаза тауып, ондаған нысан зақымданды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Барлық шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар