Сел салдарын жою: «Нұр Отан» партиясының еріктілері Наурызбай ауданында 60-тан астам ауланы тазартты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының Қоғамдық штабы құрған Еріктілер тобы сел тасқынынан зардап шеккен аймақта сенбілік өткізді. Бұл туралы қалалық филиалдың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Наурызбай ауданының сел тасқынынан қатты зардап шеккен елді мекендерінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсету мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. 300-ден астам ерікті 60 топқа бөлініп, 60-тан астам ауланы лайдан, тастардан тазартты. Сонымен қатар, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы, «Жас Отан» жастар қанаты және «Жасыл ел» еңбек отряды өзара бірлесе отырып, волонтерлер мен тұрғындарды азық-түлік және ауыз сумен қамтамасыз етті. Бұл бағытта жұмыстар әлі жалғасуда», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетелік, Еріктілер тобының құрамына «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және Алматы қ. бойынша бастапқы партия ұйымдарының мүшелері енді. Ал Қоғамдық штабтың төрағасы болып Алматы қ. мәслихатының депутаты Рахман Алшановтың бекітілгенін естеріңізге саламыз.

Соңғы жаңалықтар