Селфиқұмар ер адамды піл басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда піл онымен селфиге түспек болған жергілікті тұрғынды басып кетті. Оқиға түсірілген видеоны Daily Mail жариялады.
None
None

Басылым мәліметінше, оқиға Орисса штатындағы саябақта болған.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, піл  фотоға түскісі келген жергілікті тұрғынның өзіне біршама жақындағанына ызаланған.

Видеодан жануардың ер адамды қуып, құлап қалған оның үстінен басып өткенін көруге болады. Көмекке асыққан саябақ жұмысшылары да пілді қуып жібере алмаған.

Зардап шегушінің ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмғандығы хабарланды. 

Соңғы жаңалықтар