Селолық округтердің әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Атырау облысы Исатай аудандық прокуратурасымен 2009 жылы және 2010 жылдың 1 тоқсанында аудандық әділет басқармасында және Халыққа қызмет көрсету орталығының Исатай аудандық филиалында жеке кәсіпкерлердің құқығын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізілді,
None
None

деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тексеру барысында ешбір заңдық күші жоқ жылжымайтын мүлікке құқықты белгілейтін құжаттардың мемлекеттік тіркеуден өтуі, сондай-ақ жергілікті селолық округ әкімдерімен заңға қайшы шешімдер қабылдау фактілері анықталды.

Заң бұзушылықтар Исатай селолық округінің әкімі азаматша Ж.Нурмухановаға Жетіауыл көшесінде орналасқан №4 тұрғын үйге 10.06.2009 жылы меншік құқығын тану туралы №1 куәлік беру арқылы, Нарын селолық округінің әкімі азаматша Р.Ищановаға Ынтымақ көшесінде орналасқан №41 тұрғын үйге 03.11.2009 жылы меншік құқығын тану туралы №1 куәлік беру арқылы орын алған.

Осы орын алған заң бұзушылықтар бойынша аудандық прокуратура мен Атырау облыстық прокуратурасы арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасы бастығының-Тәртіптік кеңес төрағасының атына ұсыныс енгізілді.

Прокуратураның ұсынысы облыстық Тәртіптік кеңесте қаралып, қорытындысымен ұсыныста көрсетілген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде аудан әкіміне шешім қабылдау үшін жолданып, аудан әкімінің өкімімен Тұщықұдық селолық округінің әкімінің орынбасары, Исатай селолық округінің әкімі, Нарын селолық округінің әкімі тәртіптік жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар