«Селтик»-«Астана» ойынында есеп ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші айналымында Глазгода Шотландия чемпионы «Селтик» командасымен қарымта кездесу өткізуде.
Матчтың алғашқы таймы 1:0 есебімен "Селтик" командасының пайдасына шешілді. 45-минутта төреші "Астана" қақпасына пенальти белгілеген болатын. Қарсыластар сапынан Гриффитс айып добын мінсіз орындап, шотландиялықтарды алға шығарды. Ойыншылар алғашқы 45-минуттықтан соң, үзіліске аттанды.
Осы ойын қорытындысы бойынша, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтетін клуб белгілі болмақ.
Айта кетейік, екі команданың алғашқы матчы бір апта бұрын Астанада өткен болатын. Ол кезде футболшылар 1:1 есебімен тең тарқасты.