Семей әкімі қала тұрғындарымен және селолық округ тұрғындарымен кездесулер өткізеді

Әкімнің жұмыс кестесі өте тығыз - жекелеген өңірлерде ол бір күнде төрт округтің тұрғындарымен кезек-кезек жүздеседі.
Семейдің өзінде үш кездесу жоспарланған. Облыс орталығының тұрғындары аймақтың 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әкімнің есебін қаңтардың 25-інде қалалық Мәдениет сарайында тыңдайды. Ал сол жағалаудың тұрғындары әкіммен «Еңлік-Кебек» кинотеатрының үлкен залында жүздессе, қаланың затон бөлігінің тұрғындары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқу корпустарының бірінде кездеседі.
Есеп беру жиналыстарының қарсаңында қалалық әкімдік қаладағы қызметтердің жұмыстары туралы үнқатулар жинауды ұйымдастырып отыр. Қаңтардың 7-сінен бастап Семейде алты нүктеде және 16 селолық округте халықтың ұсыныс-тілектерін жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды.