Семей әкімі қайырымдылық қызметіне қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды

СЕМЕЙ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков қайырымдылық қызметіне қосқан үлесі үшін «Шығыс Қазақстан аймақтық тұрмысы төмен азаматтарды қолдау қоры» шағын ұйымы» қоғамдық қорының дипломымен марапатталды.
None
None
«Ізгілік» қайырымдылық марафоны кезінде семейліктер мұқтаж жандарға басқалардан көп қаржы аударды және басқа да көмектер көрсетіп, облыс қалалары арасында бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпаарат тілшісі. Бұл награда М.Айнабековке қала экономикасын дамыту және халықтың әл-ауқатын көтерудегі тынымсыз еңбегі үшін берілген баға. Қор 10 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысының тұрмысы төмен азаматтарына 70 миллион теңгенің 2 380 шағын несиесін берді. Мұқтаж адамдарға 170 миллион теңгеге қайтарымсыз көмек көрсетті, жүзден астам жетім бала шипажайларда денсаулығын түзеуге жәрдемдесті.
Соңғы жаңалықтар