16:36, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Семей аймағының ардақты аналарына «Алтын алқа» тапсырылды
СЕМЕЙ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бүгін Семейде ардақты және көп балалы аналарға құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысының жарлығымен аймақтың жеті тұрғыны жоғары наградаға ие болды.

Оларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбеков салтанатты жағдайда батыр-аналар Тойжамал Байжарылғасынға, Марфуға Бәукеноваға, Оразбүбі Жолымбетоваға және Рая Сембаеваға «Алтын алқа» тапсырды.
«Күміс алқамен» көп балалы аналар Гүлбаршын Қуатбекова, Гүлжиһан Хамзина және Дариға Нүркиналар марапатталды. Салтанат кезінде ардақты аналарды олардың балалары мен немерелері, қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар кеңесінің өкілдері құттықтады.