«Семей» Чемпиондар лигасында екінші жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін қазақстандық «Семей» клубы футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы А жолының негізгі кезеңінде кезекті ойынын өткізді.
Семейлік клуб үшінші кездесуінде Швейцарияның «Минерва» командасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында 15-минутта швейцариялық ұжымнан Доменико Костаманья өз командасын алға шығарды. Одан кейін «Семей» сапынан Дедезиньо пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ойынның 19-минутында Біржан Оразов қазақстандық команданың басымдығын арттырды.
Екінші кезеңде олардың қатарынан Габриэл Кандидо 22, 32-минутта қос голдың авторы атанса,. Нурсултан Пиялы 40-й минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Семей» қарсыласынан 6:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, қазірге дейін семейлік клуб Словакияның «Лученец» командасын 6:0 есебімен қапы қалдырса, «Барселонаға» 1:6 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ бүгін қазақстандық «Қайрат» 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Қазақстан уақытымен 00:30–да Бельгияның «Андерлехт» командасымен кездеседі. Олар бұған дейін Латвияның «Бейтар» клубын 5:3 есебімен жеңсе, «Андерлехт» аталған команданы 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Жарыс ережесіне сәйкес әрбір топтан алғашқы үштікте тұрған командалар плей-офф сатысына шығады. Былтыр «Семей» мен «Қайрат» плей-офф сатысында сынға түсуге мүмкіндік алған еді.