«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Этуаль» командасынан жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Семей» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының ¼ финалдық кезеңіндегі алғашқы ойынын сәтсіз өткізді.
Олар бірінші ойында сырт алаңда Францияның «Этуаль» клубымен шеберлік байқасты.
Кездесу басынан қазақстандық команда белсенділігі байқалды. Олардың қатарынан небәрі 38 секундта Бруно Гомес есеп ашса, 2-минутта Кайо Торрес басымдықты арттырды.
Ойынның 9-минутында «Этуаль» сапынан Билал Баккали есеп айырмасын қысқартса, одан кейін қайтадан «Семей» сапынан Бруно Гомес 12-минутта мергендік танытты.
Екінші кезеңде қазақстандық командадан Педриньо 24-минутта гол соқса, франциялық клубтан Билал Баккали 33, 59, Абдессамад Мохаммед 56, Суфьян Эль-Месрар 58-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Осылайша «Семей» қарсыласына 4:5 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, жарыстың аталған сатысындағы бірінші кездесуде алматылық «Қайрат» өз алаңында Испанияның «Картахена» командасына 1:2 есебімен есе жіберді.
Қарымта ойындар 6 наурызға белгіленген.
Финал 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында өтеді. Онда төрт команда шеберлік байқасады. Алдымен жартылай финал болса, одан кейін финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.