Семей қаласы әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Бахтияр Топаев тағайындалды.
Ол 1983 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша тәмамдаса, 2016 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында есеп жүргізу жөніндегі техник қызметкер ретінде бастаған. 2010-2012 жылдары бас маман, кейін абаттандыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2013-2017 жылдары абаттандыру бөлімін басқарып, аудан аумағын санитарлық тазалау және күтіп-ұстау мәселелеріне жетекшілік етті. 2017-2019 жылдары Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты жанындағы абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бөлімін, ал 2019-2020 жылдары аудан әкімдігінің бас инспекторы қызметін атқарды.
2020 жылдың қазан айынан 2025 жылдың мамыр айына дейін Алматы ауданы әкімінің аппараты жанындағы абаттандыру бөлімінің басшысы болды. 2025 жылдың мамыр айынан бастап тағайындалғанға дейін Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жетекшілік етті.
Бұған дейін ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.