Семей қаласы әкімінің орынбасары ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласы әкімінің орынбасары болып Қуаныш Әбілдаев тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Семей әкімінің орынбасары
Фото: Семей қаласының әкімдігі

Қуаныш Әбілдаев 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол 2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы, ал 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы, Сырдария аудандық сотында жетекші маман ретінде бастаған. 2009 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық сотында бас маманы, 2011-2016 жылдары Қызылорда облысының сот актілерін орындау департаментінде мемлекеттік сот орындаушы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында консультант, консультант-инспектор қызметтерін атқарды.

2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болды.

2019 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2025 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы тағайындалғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар