Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді.

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді
Фото: Kazinform/Оксана Матасова

Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту маусымына толық дайын, жылу беру жұмыстары штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

1 қазаннан бастап Семейдегі әлеуметтік нысандар кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосылды. Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлерге де жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Семей қаласы бойынша 2 жылдық өтпелі 5 жоба бар. 1 жоба бойынша мердігер ұйым тарапынан олқылықтар болды. Құрылғылар уақытында жеткізілмеді. Бүгінгі күні құрылғылар толығымен орнатылды. Біз жылыту маусымына толығымен кірдік. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қосылды. Екінші кезекте тұрғын үйлер қосылып жатыр. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін жеткізгіміз келеді, — деді ол.

Бекжан Бапышев өңірдегі жылумен қамту мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өтті.