Семей қаласының орталығында жүрген жылқының иесі жауапқа тартылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Куәгерлер әлеуметтік желілерде жылқының қала орталығындағы жол бойымен жүргені туралы бейне жариялады.

Жылқы
Фото: Видеодан алынған кадр

Абай облыстық полиция департаменті қызметкерлері жылқыны тоқтатып, иесін де анықтады.

«35 жастағы жылқы иесі ауылшаруашылық жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды ведомстводан.

Аталған бұзушылық үшін ол үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Соңғы жаңалықтар