Семей қаласындағы №1-ші әскери қалашық аумағынан граната табылды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы №1-ші әскери қалашық аумағынан граната табылды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Қыркүйектің 22-сі күні кешқұрым, әскери қалашықтың Материалдық-резервті базасының бақылау өткізу бекетінің аумағынан күдікті зат табылды, ол болжам бойынша Ф-1 гранатасы.

Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметінің 17 адам мен 5 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде 9 адам мен 2 техника облыс бойынша ТЖД-ның жеке құрамы.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардан кейін табылған зат жойылу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің саперларымен полигонға шығарылды.

Соңғы жаңалықтар