Семей қаласының әкімі мәуліт мерекесіне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қаңтар күні Семей қалалық мәдениет сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мұсылман қауымы үшін ерекше маңызы бар, адамзаттың асыл тәжі болған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың туған айы Мәуліт мерекесіне арналған концерттік шара өтті, деп хабарлады қалалық ішкі саясат бөлімінен.
None
None

Қасиетті мерекеге қатысқан қала әкімі А.Кәрімов өзінің құттықтау сөзінде: «Сіздерді мұсылман қауымы үшін ерекше маңызы бар Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қаламызда Мәуліт мерекесін атап өтудің өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын біз сіздермен бас қосып, бір бірімізді құттықтап жатамыз. Қазір ислам елдерінің барлығында дерлік Мәуліт мерекесі аталып өтілуде, бұл бауырларымыздың Пайғамбарға деген сүйіспеншілігін, құрметін білдіреді. Адамзат баласына ақиқат дінді жеткізуші пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күнінде жанұяларыңызға бақыт, жүректеріңізге жылылық, амандық, саулық тілеймін! Елімізде әрдайым бірлік пен ынтымақ жарасымын тауып, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!», - деп ізгі тілегін білдірді.

Игі шараны тамашалауға келген қала тұрғындарына «Дариға-ай» жастар театры мен қаланың өнер ұжымдары Мәуліт мерекесіне арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын тарту етті. Артынша сөз алған ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай жиналған жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, жыл бойы өңірімізде ислам дінінің құндылықтарын дәріптеп жүрген адамдарға алғысын білдіріп, сыйлықтарын табыс еттін. Мереке соңында қала жұртшылығы ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдіріп тарқасты.

Соңғы жаңалықтар