Семей қаласының активі Елбасы Жолдауын талқылады

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Семей қаласының активі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылады.
None
None

Бұл туралы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарлады.

Жиынға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, жоғарғы оқу орындарының, колледждердің, мектептердің басшылары мен өкілдері, қалалық ақпараттық-насихат топтардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялардың, салалық кәсіподақтардың басшылары, өндіріс және шағын-орта бизнес, мемлекеттік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, ардагерлер және жастар көшбасшылары қатысты.

Актив барысында Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов жиынға қатысушыларға қала халқы арасында кеңінен ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Жиын соңында қарар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар