11:08, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Семей қаласының бірде-бір кәсіпкері «Даму» қоры желісі бойынша грант алмаған
ӨСКЕМЕН. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бизнесті дамыту үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша Семейде жұмыстар нашар жүргізілуде.

Мәселен, қаланың бірде-бір кәсіпкері «Даму» қоры бойынша жеңілдіктер алмаған. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қала активімен өткен кездесуінде айтылды.