Семей қаласының жылу желісін қайта құруға бөлінген 15 млрд. теңгенің 13 млрд. теңгесі игерілді

ӨСКЕМЕН. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Семей қаласының жылу желілеріне қатысты мәселені шешу үшін бөлінген (2006-2007-2008 жылдарға) 15 млрд.теңгенің 13 млрд. теңгесі игерілді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында аймақ басшысының орынбасары Серік Тәукебаев.
None
None

«Бұрын шамамен 100 қазандық болған, кейін олар қайта жаңғыртылып, саны 49-ға дейін қысқартылды, бүгінгі таңда ЖЭС-1 мен ЖЭС-3-те 22 қазандық жұмыс істеп тұр», - деп нақтылады ол.

Семей қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға қанша бюджеттік қаражат бөлінді және Үкімет тарапынан бөлініп отырған қаражатқа қарамастан, соңғы бес жыл ішінде қала жыл сайын жылу беру маусымына неліктен дайын болмай шығады деген журналистердің сұрағына аймақ басшысының орынбасары: «ЖЭС-1-дегі жаңа су ысытатын екі қазандықтың құрылысына ғана 5 млрд. теңге жұмсалды», - деп жауап берді.

«Келесі жылу беру маусымында ЖЭС-1-де жаңа қазандық іске қосылып, ол сол жағалаудағы жылу қуаттылығының тапшылығын жояды», - деді С.Тәукебаев.

Соңғы жаңалықтар