Семей кітапханасы қорындағы латын әліпбиіндегі басылымдар көрмеге қойылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Абай атындағы кітапхана Өскемен қаласында сирек кездесетін кітаптар қорында сақталған  латын әліпбиінде шығарылған өткен ғасырлық кітаптар, газеттер мен журналдардан тұратын  ерекше көшпелі кітапхана ұйымдастырды,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Семей кітапханасы қорындағы латын әліпбиіндегі басылымдар көрмеге қойылды


Көрмеде әртүрлі мазмұндағы 200-ден астам кітаптар қала жұртшылығының назарына ұсынылды: латын әліпбиінде басылып шыққан Абайдың қара сөздері, С.Мұқанов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев, Н.Гогольдің шығармалары, «Лениншіл жас», «Екпінді Алтай», «Түрксіб»,  газеттері, «Әдебиет майданы», «Комсомол пропагандисі» журналдары.

Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері әдебиеттерге шолу жасап, кітаптардың тарихы және олардың қандай жағдайда сақталатыны жайлы айтты.