Семей көшелерінде су сору жұмыстары үздіксіз жалғасуда

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласындағы көшелерде еріген қар суын сору жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр.

Су тасқыны
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта үйлерге су кірген жоқ. Су тасқыны жағдайы қатаң бақылауда. 

«Еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Осы сәтте 10 вакуумдық ассенизатор машиналары тартылған. Сондай-ақ кәріз құдықтарын тазартуға илосос машинасы және арнайы техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта. 

Қар суын тазарту жұмыстары түнгі уақытта да жалғаса бермек. Бір күн ішінде Семейде барлығы 2 мың текше метрден астам су сорылды.

Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі су сору жұмыстарына әскерилердің тартылғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар