Семей медицина академиясы филиалының студенттерін Павлодар облысының ауылдары күтуде

ПАВЛОДАР. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Семей медицина академиясы Павлодар филиалының 103 түлегінің тең жартысы аймақтағы ауылдарда жұмыс істейтін болады.
None
None

Бұл туралы оның жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Сағыт Иманғазиев айтты.

Жиырмаға тарта студент аудан әкімдерінің бөлген гранттары арқылы білім алған, енді олар ауылдағы ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейтін болады. Ал қалған жас дәрігерлер еңбек жолдарын ауылдағы медицина мекемелерінде бастауға өздері ниет білдірген.

Түлектердің біразы медицина қызметкерлерінен тапшылық көріп отырған Баянауыл және Лебяжі аудандарына барады.

Соңғы жаңалықтар