Семей өңірінің өкіл имамы тағайындалды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бас мүфти Ержан Маямеровтың бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы
None
None

және Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің бас имамы болып, осы мешіттің наиб-имамы Мақсат Алтыбай тағайындалды.

«Мақсат Алтыбай «Нұр» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі. Жергілікті мұсылман қауымға кеңінен танымал, білімді де білікті дін қызметкері», - делінген ҚМДБ мәліметтерінде.

Жұма күнгі өткен басқосуда ҚМДБ дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан қажы Бекбосынұлы Семей жамағатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізіп, жаңа өкіл имамның ісіне сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар