Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендер «чернобыльдықтарға» теңестірілді - Ресей Федерациясы

Төлемақының көлемі Чернобыль атом-энергия стансысының құрбандарына берілетін жәрдамақының деңгейіне жеткізіліп отыр. Бұл туралы заңнаманы әзірлеген Алтай өлкесінің әкімшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Қабылданған өзгертулерге сәйкес, «семейліктердің» азық-түлігіне берілетін өтемақының көлемі екі есеге дерлік арттырылды. 200 рубльдің орнына 2010 жылдың қаңтарынан бастап бұл сома 394 рубльді құрайтын болады.
Сондай-ақ «семейліктердің» 1-2-ші буындағы балалары үшін де өтемақы өсетін болады. Оған қоса, заң бойынша барлық баптар бойынша өтемақыларды жыл сайын индексациялау қарастырылған.
Бұл бастама бүгін Федерациялар Кеңесінде қаралады, мақұлданған жағдайда, Президентке қол қоюға жөнелтіледі.