Семей полигонының бір бөлігін пайдалануға қашан рұқсат беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Мәжіліс қарауында жатқан Семей полигоны туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ведомство басшысына осындай мәндегі сұрақ қойылды.

«2015 жылы Энергетика министрлігі Семей полигонының жерін ауыл шаруашылығы мақсатта пайдалануға тыйым салды. Биыл аймақтағы көптеген аудандарда ауа мен судың жағдайы адамдарға қауіп төндірмейтіні туралы хабарланды. Бұл Семей полигонының жерін пайдалануға салынған тыйымның алып тасталатынын білдіре ме?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің сөзіне қарағанда, аталмыш мәселені реттейтін заң жобасы ҚП Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

«Қазір Мәжілісте біздің министрлік жаңадан жасаған заң жобасы талқыланып жатыр. Бұл осы Семей полигонын реттейтін заң жобасы болмақ. Біз тиісті талдау жұмыстарын жүргіздік. Сол талдаудың фактілеріне сүйенсек, жалпы Семей полигонының көлемі 18 мың шаршы шақырымды құрайды. Соның жартысы ауыл шаруашылық мақсатта пайдалануға беруге болатын немесе таза телімдер деген сөз. Яғни, осы заң жобасы Мәжіліс пен Сенаттан өткеннен кейін көрсетілген телімдер пайдалануға беріледі деген үмітіміз бар», -деді Энергетика министрі.


Соңғы жаңалықтар