15:53, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Семей-РФ шекарасы тас жолында «Форд-Фокус» көлігі жаяу жүргіншіге ажал құштырды
ӨСКЕМЕН. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Семей-РФ шекарасы тас жолының 112-шақырымында «Форд-Фокус» көлігінің жүргізушісі 36 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады ШҚО ІІД- нің жол полициясы басқармасы.
Мамандар атап өткендей, өңірде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары 8,6 пайызға артқан.
Ағымдағы жылдың 9 айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 302 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 39 адам көз жұмып, 278-і жарақаттанды.