10:21, 08 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Семей-Шар аралығында пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей-Шар аралығында пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

«7 желтоқсанда Семей жол бөлімшесінің Семей-Шар аралығында вагондардың жолдан шығуына байланысты пойыздардың қозғалысы тоқтаған болатын. Сол күні сағат 22.00-де апаттың зардаптары жойылып, пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді», делінген хабарламада.