08:42, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Семей тұрғыны ауладан граната тауып алды
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны ауладан граната тауып алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, мамырдың 18-і күні сағат 14.40-та Семейдің жергілікті тұрғыны өзі тұратын бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің ауласынан гранатаға ұқсас зат тауып алады. Шақырылған арнайы қызмет мамандары жүргізген арнайы іс-шаралардың барысында ол заттың Ф-1 гранатасы екені анықталған. Қорғаныс министрлігінің саперлары гранатаны жою үшін өздерімен алып кетті.