Семей тұрғынының алтын бұйымдарын алып қойған алаяқ ұсталды

Семей қалалық ІІБ қала тұрғыны арыз берген. Айтуынша, «Лаура» есімді аса таныс емес әйел алтын әшекей бұйымдарын өз бағасынан қымбатқа сатып беремін деп уәде еткен. Осылайша құны 500 мың теңге болатын алтын әшекейлерін алып кеткен. Арада 4 ай уақыт өткен, алайда не ақша, не әшекей бұйымдар жоқ. Ал әлгі әйел түрлі сылтау айтып, қоңырауға жауап бермей, кездесуден қашып жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
«Жедел іздестіру шаралары кезінде алаяқ әйелдің жеке тұлғасы анықталып, күдікті ретін 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде ол ҚР ҚК 190 бабы, 1-ші тармағы бойынша яғни алаяқтық жасағанын мойындады. Енді 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.