07:47, 23 Қаңтар 2020 | GMT +5
Семейде 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қатты желдің (8-10 м/с) соғуына байланысты Семей қаласында бірінді ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін елорда мен Ақмола облысында да мектептерде сабақ тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.