Семейде 100 жылға жуық тарихы бар Құран кітабы сақталған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көне кітаптың көлемі сіріңкенің қорабындай ғана. Қасиетті жазбаны Семейдегі татар қоғамдық орталығының мұражайына жергілікті тұрғындардың бірі жеткізген, деп хабарлады www.muslim.kz.
None
None

Оның айтуынша, сирек кездесетін кітап оған атасынан мұра болып қалған. Жәдігердің басты ерекшелігі - оның келесі бетінде ұлғайтқыш әйнек орналастырылуы. Осы құрылғы арқылы кітапты еш қиындықсыз оқуға болады. Кітаптың сыртқы мұқабасы таза мыстан жасалғандықтан, әріптері жақсы сақталған.

«Мен өмірімде бірінші рет осындай кішкентай Құранды көріп тұрмын. Бәлкім сол кездері қасиетті кітаптың көлемі шағын болғандықтан, қалтаға салып немесе мойынға тұмар ретінде іліп жүрсе керек-ті. Ал, ұлғайтқыш арқылы кітаптағы кез келген сүрені қиындықсыз ашып оқуға болады», - дейді Татар орталығы мұражайының жетекшісі Шауқат Файзуллин.

Соңғы жаңалықтар