Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады

СЕМЕЙ. KAZINFORM - 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Семей қаласында 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады.

әнұран шырқалды
Фото: Абай облысы әкімдігі
рәміздер күні
Фото: Абай облысы әкімдігі

- Рәміздердің әрқайсысы терең тарихи маңызға ие. Көкте желбіреген Ту, күш-қуат бен береке-бірлікті айқындайтын Елтаңба, салтанатты сәттерде шырқалатын Әнұран Қазақстанның егемендігі мен елдігінің символы. Абай облысында таңертеңнен бері түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның ішінде орталық алаңда өткен ауқымды патриоттық флешмобты ерекше атап өтуге болады. Алаңда бір мезетте мыңнан астам семейлік Әнұранды шырқады, - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарбаздар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Рәміздер күні
Фото: Абай облысы әкімдігі

Мереке аясында «Бейбітшілік» аралынан орталық алаңға дейінгі аралықта веложарыс ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам велошабандоз қатысты. Жарыста бақ сынағандар патриоттық флешмобқа да қосылды.

Айта кетейік, бүгін жастар арасында тақырыптық көрмелер, челлендждер мен флешмобтар өтеді.

Мемлекеттік рәміздер күні
Фото: Абай облысы әкімдігі
әнұран шырқалды
Фото: Абай облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар