Семейде 15 жасар қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform полицияға сілтеме жасап. 

полиция
Фото: Kazinform

Валерия Ефанова 2 қараша таңғы 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, бүгінгі күнге дейін қайтып оралмаған.

Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.

пропавшая
Фото: Polisia.kz

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығын дейін. 

Кәмелетке толмаған баланы көрген-білгендер болса, мына телефондарға хабарласқаны жөн: +7 (707-95) 1-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102.

Соңғы жаңалықтар