Семейде 2 қаржы пирамидасына қатысты іс қозғалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде «Қаржы инвест» және «Нұр Қаржы» ЖШС инвестициялық компаниясының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бүгін сан соғып қалған салымшылармен құқық қорғау органдары және  жергілікті билік өкілдері кездесу өткізді. Жиынға 300-ге жуық қала тұрғыны келді. Барлығы «тиыннан теңге құраймын» деп алданып қалғандар.

Семей қаласының прокуроры Марат Турубаевтың сөзінше, 14 ақпан күні серіктестік директорына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жұмыстары жүруде.

«Қазір біз күшпен компанияның директорын әкеле алмаймыз. Өйткені, нақты кінәлі екені белгісіз. Бірақ ол ешқайда кете алмайды. Тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Қазір компанияның есепшотында белгілі бір сомада ақша бар. Ол ақшаны жұмсай алмайды. Себебі шотын бұғаттадық. Бірақ қазір мен нақты соманы айта алмаймын. Ол өзі сол шоттағы ақшаны сіздерге қайтарып беру керек немесе өзі несиені жабу керек. Бірақ ол бұдан бас тартып отыр. Сондықтан біз оның шотындағы ақшаны шешіп, сіздерге тарата алмаймыз. Бұл заңсыз. Өзі ерікті түрде беру керек. Егер ол істемесе бұл мәселені сот арқылы шешу керек», - деді Марат Турубаев.null 

Компанияның жабылып қалғаны жайлы осы жүйеге ақша салып, сан соғып қалған тұрғындар  айтқан. Ішкі істер басқармасына жүгінген олар салған ақшаларын қайтарып беруді сұрап отыр. Өйткені, ақшасын үстемелеп алуға қызыққан адамдар банктерден тіпті 1 млн. теңгеге дейін несие рәсімдеп, ойланбастан өткізе берген. Алған ақшаның 40 пайызын компанияға берсе, қалғаны өз қалтасында қалған.  Ал рәсімдеген несиені компания төлеп отырған. Алғашында тұрғындардың несиесін уақытымен төлеп, сенімге кірген. Осылайша, 3 жылға жуық уақыт ішінде салымшылары көбейіп, компанияның  жоспары жүзеге асқан. Алданғандар арасында  зейнеткелерге дейін бар. Бірақ, әзірге нақты саны белгісіз.

Тұрғындардың өтініш-наразылықтарын тыңдай келе, қала басшылығы банк басшылығымен келісіп, несие өтеу күнін уақытша тоқтату жайын қарастыратын болып уағдаласты. Жиыннан шыққан халық өздері несие алған банкке төлемақыны уақытша тоқтату жөнінде өтініш жазу үшін бет алды. Мәселенің қалай шешім табатыны тексерістен кейін белгілі болады.  
null   

Соңғы жаңалықтар