Семейде 237 отбасыға пәтер кілті табысталды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Конституция күні қарсаңында «Қарағайлы» шағын ауданында пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.

Семейде 237 отбасыға пәтер кілті табысталды
Фото: Семей әкімдігі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады. 

Семейде 237 отбасыға пәтер кілті табысталды
Фото: Семей әкімдігі

– Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Бүгін көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бюджет саласының қызметкерлері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтердің иегерлері атанып отыр. Мемлекет басшысының қолдауымен кейінгі жылдары құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеп тұрғын үй салынды. Бүгін 237 пәтердің кілті табысталды. Биыл наурызда да осы шағын ауданда кезектегі азаматтарға 77 пәтердің кілті табысталған еді. Өткен жылы 211 отбасы жаңа баспана алды. Бұл - әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудағы игі қадам, - деді ол.

Семейде 237 отбасыға пәтер кілті табысталды
Фото: Семей әкімдігі
Семейде 237 отбасыға пәтер кілті табысталды
Фото: Семей әкімдігі
Семейде 237 отбасыға пәтер кілті табысталды
Фото: Семей әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар