Семейде 45 млн теңгеге жөнделген субұрқақ бүлініп жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 20 жылдан кейін жөнделіп, былтыр халық игілігіне берілген Ертіс жағалауындағы субұрқақ бүлініп жатыр, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Семейде 45 млн теңгеге жөнделген субұрқақ бүлініп жатыр

 Ертіс жағалауындағы қараусыз қалған сатылы субұрқақ қайта жаңғыртудан өтіп, 2017 жылдың қазан айында пайдалануға берілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 45 миллион теңге бөлінді.  Алайда жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасыз болып шықты. Арнайы құрылған комиссия сараптама нәтижесінде осындай шешім қабылдап, акт толтырған. Жыл өтпей жатып бүлінген субұрқақ пен жағалауды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жауапты мердігер мекемеке енді өз есебінен жөндейтін болды. Содан кейін субұрқақ іске қосылмақ. Қазір жұмыстар қолға алынды.

Айта кетейік, жалпы өткен жылы Ертіс жағалауын жөндеп, көркейту жұмыстарына 350 миллион теңге бөлінген.

«Жағалауда орын алған олқылықтардан хабарымыз бар. Сондықтан 4 сәуір күні арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізді. Нәтижесінде дұрыс жүргізілмеген жұмыстың салдарынан субұрқақтың плиталары құлап, баспалдақтар бүлінген. Жөндеу жұмыстарын жасаған мердігер мекеме барлығын  өз қаражатына қалпына келтіреді. Кемшіліктер жойылады»,-деді Семей қалалық ТҮКШ бөлім жетекшісі Атантай Өтелбаев.  

null