Семейде 5 және 8 жасар екі бала Ертіске батып кете жаздады

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласында Ертіске жүзіп жүрген екі бала құтқарылды. 

шомылу
Фото: видеодан кадр

Құтқарушылар Ертіс өзенінде суға батып бара жатқан 5 және 8 жасар екі баланы көріп, дер кезінде құтқарып қалды.

Балалар ата-анасына табысталды, олар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Балалардың өмірін аман алып қалған қаһармандардың есімі — Думан Әбділданов пен Қуаныш Молдашов.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріп тұру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

«Бейтаныс және жабдықталмаған жерде шомылмаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз» дейді ведомстводан.  

Соңғы жаңалықтар