18:04, 09 Сәуір 2012 | GMT +5
Семейде «Абай арманы» атты зиялылар клубы құрылды
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Абай арманы» атты зиялылар клубы құрылды.

Клубтың басты мақсаты - Алаштың астанасы болған Семей жерінің бүгінгі рухани-мәдени деңгейін көтеріп, қоғамның өзекті мәселелерін талқылау. Ең бастысы, Абай армандаған ой-идеяларды іске асырып, жастардың сана-сезіміне үлкен рухани жігер беру. Осыған орай «Абай арманы» зиялылар клубының алғашқы отырысы «Ұлттық ойлау жүйесі: қалыптасуы және даму жолдары» тақырыбында өтті. Клубтың келесі отырысы мамыр айында өтеді.
«Клуб мәжілістері кезінде көтерілетін тақырыптардың аясы кең болмақ. Отырыстарға қатысам деушілерге есік әрқашан ашық. Алдағы уақытта біз өзекті тақырыптар бойынша қоғамдық сауалнамалар ұйымдастыратын боламыз», - дейді белгілі ғалым Арап Еспенбетов.