Семейде Абралы ауданы тұрғындарына қолдау көрсету қоры құрылды

СЕМЕЙ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейдің ірі кәсіпкерлері қалалық ақсақалдар кеңесінің белсенді атсалысуымен Абралы ауданының тұрғындарына қолдау көрсету қоғамдық қорын құрып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау бағдарламасына сәйкес, бұл коммерциялық емес ұйым Абралы ауданы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуды және ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметтермен қамтылуына қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр.Әсіресе, ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегіп отырған мүгедек балаларды оңалтуға материалдық көмек көрсетуге айрықша назар аударылмақ.
Соңғы жаңалықтар