Семейде алапат өрттен ана мен бала құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейдегі 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өрт сөндіру қызметіне төтенше оқиға жайлы ақпарат 21:18-де келіп түскен. Бірнеше минуттан соң өртеніп жатқан үйге жеткен өрт сөндірушілер пәтерде қою түтінге тұншығып, есінен танып жатқан 76 жастағы әйел мен оның 55 жастағы ұлын құтқарып алады.

Құтқарушылардың басшысы Әсет Тоқтамысовтың сөзіне қарағанда, таза ауаға шыққан бойда ер адам есін жиған, ал оның анасына жедел медициналық көмек көрсетілді.

«№2 өрт сөндіру бөлімшесінің кезекші дәрігері Қарлығаш Қалиекова жасанды жолмен тыныс берген соң, әйел ес жиды», - дейді құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер жалынның арасынан үй иелерінің ақшасы мен 440 мың теңгенің техникасын (ноутбук, смартфон) алып шығып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар