Семейде алаяқ әйел шаһар қонағын сан соқтырып кетті

ӨСКЕМЕН. 19 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Семей қаласының қонағы алаяқтардың алдауына түсті. 22 жастағы бойжеткен шаһарға жұмыс бабымен келіп, пәтер жалдаған.
None
None

Өзін Ғалия деп таныстырған пәтер иесі қызды жылы қабақпен қарсы алып, жайғастырған соң, қараңғы түсіп кеткендіктен, ертең кетемін деген сылтау айтып бойжеткенмен бірге қалады.

Таңертең тұрып, жұмысына жиналған бойжеткен алданып қалғанын көреді. Құжаттары мен ақшасы салынған сөмкесі жоқ болып шыққан, оның үстіне сырт киімі мен бас киімі де ұрланған. Құжаты мен бар ақшасынан айырылған қыз полицияға хабарласады. Оған келген шығын 165 мың теңгеден асады.

Қалалық Орталық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жылдам іс-қимылы арқасында бұрын сотталмаған, жұмыс істемейтін қаланың 26 жастағы азаматшасы қолға түсті. Барлық заттық айғақтар тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар