Семейде ана мен бала 12 қабаттан құлап кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қолына бала ұстаған әйел 12 қабатты үйден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сілтеме жасап.

Куәгерлер сөзінше, ана мен бала оқиға орнында көз жұмған.

Облыстық Ішкі істер департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады. Бірақ оқиғаның нақты қалай болғандығы беймәлім дейді.

«Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның себебін айтуға ерте әлі», - дейді ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар