03:24, 09 Шілде 2016 | GMT +5
Семейде әскери қызметкер жалған дипломды қолданғаны үшін сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей гарнизоны әскери сотымен 2033 әскери бөлімінің С. атты әскери қызметкері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 385бабы 3-бөлімінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталып, оған жаза ретінде 25 айлық есептік көрсетіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Әскери қызметкер С. әскери қызмет бойынша жоғарылап, басқа жоғары тұрған сатыдағы қызметке орналасу үшін жоғары оқу орнын тамамдағаны туралы дипломның қажеттігін ескеріп, анықтау органдарымен анықталмаған тұлғадан жоғары оқу орнын оқып бітіргені жөнінде жалған дипломды алған. Артынша Ж. жалған дипломды қолдана отырып, аттестациялау комиссиясының отырысымен бос орынға бекітілген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі.