Семейде автобус жүргізушісіне қол көтерген адам ұсталды

АСТАНА.KAZINFORM  - Семейде полиция қоғамдық көлікте бұзақылық жасаған азаматты ұстады.

 Семейде автобус жүргізушісіне қол көтерген адам ұсталды
Фото: ҚР ІІМ

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісіне қозғалыс кезінде қол көтерген 45 жастағы азамат анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген. Ол агрессивті мінез-құлық танытып, жолаушылардың өміріне қауіп төндірген.

Аталған факт бойынша іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданады.

Полиция кез келген құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Айта кетейік, Алматыда 1656 автобус жүргізушісінің құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар