10:49, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Семейде аяз салдарынан сабақ тоқтатылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде қатты аяз салдарынан 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ кейінге қалдырылды.

ТЖ департаменті хабарлағандай, ауа температурасы бүгін таңертең -26 градусқа дейін төмендеп, жел күшейген.
Қабылданған нормаға сәйкес -28 градус температура кезінде мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылады.
Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, бүгін облыс бойынша жел секундына 15-20 метрге күшейіп, қар жауып, бұрқасындатады.